IMG 6391

2020 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында «Болашаққа қадам»  ҚҚ, «Human Health Institute» ҚБ, «Жария «халықаралық орталығы» ҚҚ және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кеңес өтті. Жиналыста қатысушылар халықтың негізгі топтарының арасында жүргізілетін алдын алу шараларын іске асыру бойынша, қалыптасқан проблемалық мәселелерді, сондай-ақ 90-90-90 мақсатына жету шараларын талқылады.

Кеңесте алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Мухамедиев және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер эпидемиологы Э.Тулепбаева 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Кеңес барысында халықтың негізгі топтарын тарту және қамтуды ұлғайту, достық кабинеті пен сенім пунктінің жұмысын жақсарту, АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеуді кеңейту бойынша ұсыныстар айтылды.

IMG 6404