Aids 2

Aids 3

Отырыста ҚАЖД объектілерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу және түрме жүйесіндегі 2019 жылғы АИТВ бойынша өзекті мәселелері талқыланды. Кездесу барысында бас бостандығынан айыру орталықтарындағы профилактикалық жұмыстары мен АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен оған тестілеу деңгейі жөнінде, сонымен қатар ЖИТС орталығы мен ББАО-ның АИТВ-инфекциясын бақылау мен емдеу жөніндегі өзара жұмыс барысы туралы баяндамалар жасалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша қатысушылар профилактикалық бағдарламаларды одан әрі сапалы жүзеге асыру мен барлық мәселелерді ведомствоаралық деңгейде шешу туралы келісімге келді.