2020 жылдың мамыр айынан бастап карантиннің тұрғындарға тигізген негативті әсерін төмендету, қоғамдық және волонтерлік жұмысты қолдауды мақсат еткен «Шеврон» компаниясымен бірге Еуразия Орталық Азияның «Qolda» атты Фонды бірлесіп шұғыл көмекті жүргізу жобасы аясында "Шаг в будущее" Қоғамдық Қоры «Нұр-Сұлтан қаласының Инъекциялық есірткілерді тұтынушы адамдар арасында карантиннің негативті әсерін жою» атты жобасын бастады. Жоба карантин барысында инъекциялық есірткілерді тұтынушылар мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталған. «Шаг в будущее» ҚҚ 100 аузық-түліктік пакеттерді қиын өмірлік жағдайға тап болған тұтынушыларға таратуға есептелен. Азық-түліктерді жеткізуде Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» тегін көлік пен мамандарды бөлу арқылы үлкен көмек көрсетті. Аутрич-қызметкерлер азық-түліктерді тұтынушыларға жеткізуді ұйымдастырды.