Бүгін Нұр – Сұлтан қалалық СПИД орталығында сала мамандарымен «Нұр Отан» партиясының праймеризге үміткерлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында кандидаттар сайлау алды бағдарламаларына қысқаша тоқталды. Әр салада қызмет атқаратын үміткерлер өз саласындағы түйткілді мәселелерін көтеріп, қоғамдағы шешілу жолдарын ортаға салды. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында Орталықтың директоры Абдраимов Сабит Бекмағанбетұлы үміткерлерге «Ақ жол!» -тілеп, жиынға қатысқан партия мүшелеріне саяси науханға белсене қатысуға шақырды.
Айта кету керек, елімізде 17-ші тамыздан басталған «Нұр Отан» партиясының праймеризі 3-қазанға дейін жалғасуда. Праймеризге қатысу үшін қаламыз бойынша 443 өтініш түсіп, оның 403-і үміткер болып тіркелген. Осы тіркелген 403 үміткердің ішінен Мәжіліске 223, мәслихатқа 180 кандидаттың тізімі жасалды. Ал 7-ші қыркүйектен 3-ші қазанға дейін үміткерлер үшін үгіт-насихат кезеңі болып саналады. Дауыс беру 1-3 қазан аралығында онлайн режімде өтеді.