каз Cертификат на маркеры ВИЧ инфекции 1 page 0001

Біздің сенім телефонымызға, сайтқа, электрондық поштаға АИТВ-ға сертификат алу шарттары бойынша сұрақтар жиі түседі. Толық атауы - АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеп-қарау туралы анықтама-сертификат(бұдан әрі-Сертификат). Сонымен, сертификатты беру бойынша талаптар ҚР ДСМ бұйрықтарымен реттеледі және олар келесідей:

  • Сертификатты АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, яғни ЖИТС орталықтары азаматтардың қанын зертханалық зерттеу негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді.
  • Сертификат азаматтың талап етуі бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мақсатында беріледі, қалған жағдайларда зерттеу нәтижесі беріледі.
  • Сертификат жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
  • Сертификат тек бір адамға ғана беріледі, ұжымдық куәліктер беруге рұқсат етілмейді.
  • Сертификат баспалық латын әріптерімен толтырылады, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз деп танылады.
  • Сертификатқа дәрігер қол қояды және ЖИТС орталығының дөңгелек мөрімен расталады.
  • Сертификат зерттеп-қарау жүргізілген күннен бастап үш ай бойы жарамды.

Біз, Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында орындалған нәтижелердің шынайылығы үшін жауап беретінімізге сіздердің назарларыңызды аударамыз.