2020 жылғы 13 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде «Орда FМ» республикалық радиосында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының директоры Сабит Бекмағанбетұлы Абдраимов және Олимпиада чемпионы, ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы елшісі Бақтияр Артаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті. Биыл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің ұраны «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» болып табылады. С.Б. Абдраимовтың айтуынша, COVID-19 пандемиясына байланысты, бүкіл әлемнің назары пандемияға, оның адамдардың өмірі мен әл-ауқатына әсері, қоғамның ынтымақтастығы және азаматтардың денсаулық мәселелеріндегі жауапкершілігі өте өзекті болып қала береді. Пандемия денсаулық мәселесі басқа маңызды мәселелермен, соның ішінде гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық әл-ауқатпен қаншалықты тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті.
Бағдарлама барысында науқан аясында халықты ақпараттандыру бойынша өткізілетін іс-шаралар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де қамтылды.