Биыл «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында мектеп және колледж оқушылары арасында «Менің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көзқарасым» тақырыбында шығармалар конкурсы өткізілді. Балалар өз жұмыстарында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарауға, кемсітушілік пен стигманы жою туралы ойларын айтты, әлемде АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату мүмкіндігі туралы пайымдады. Өтінімдерді қарау барысында конкурстық комиссиямен үш жеңімпаз анықталды: 1 орын – Баталова Зарина, МжБК-нің екінші курс студенті, 2 орын - Садуакас Манас, № 71 мектеп-лицейінің 9 "А" сынып оқушысы, 3 орын-Слободянюк Ада, №1 мектеп-лицейінің 9 "Б" сынып оқушысы. Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, жеңімпаздар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген қарым-қатынасын ашып, адам құқықтары туралы ашық айтты. ЖИТС орталығының директоры Абдраимов Сәбит Бекмағамбетұлы қатысушыларға табыс тілеп, пайдалы ақпаратпен достарымен және құрдастарымен бөлісуге шақырды.
2020 жылғы 16 қарашада ЖИТС орталығының базасында конкурс қатысушыларына грамоталар мен естелік сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді, сондай - ақ әрбір қатысушы, алған орнына қарамастан, олимпиада чемпионы, ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт ЖИТС-ке қарсы» арнайы өкілі Бақтияр Артаевтың жеке қолтаңбасы бар бокс қолғаптарын алды.