17.11.2020ж. Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының іс-шараларының жалғасыретінде, тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыру ісіне белсенді қатысқан БАҚ қызметкерлерін марапаттау өтті. «Еуразия» бірінші арнасының журналисі Өтепқалиев Ержан, «BAQ.kz» ақпараттық порталының тілшісі Тілеуова Рахила және «Orda FM» радиосының жүргізушісі Төлепберген Майрақұрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ЖИТС орталығының директоры Сабит Бекмағанбетұлы Абдраимов журналистерге АИТВ-инфекциясы мәселелерін жария етуде көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығы үшін, 2020 жыл бойы белсенді жалпы жұмысы үшін алғысын білдіріп, одан әрі табысты ынтымақтастыққа үмітін білдірді. Жалпы ағымдағы жылы БАҚ-та АИТВ-инфекциясы және ЖИТС орталығының қызметі мәселелері бойынша 110 материал жарияланды.