Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды. Акция 2023 жылдың 20 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясының таралуы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне халықтың назарын аудару мүмкіндігі.
Акция барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және өз АИТВ мәртебесін білу қажеттілігі туралы айтып өтті. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдарды таратылды.