Іссапар аясында емхананың емдеу-алдын алу жұмысына жауапты жетекшісі Светлана Королькованың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте АИТВ-ның тік жолмен берілуінің алдын алу мәселелері, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тестілеудің маңыздылығы талқыланды.

   Емхана медицина қызметкерлеріне қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеу тақырыптарында оқыту семинарлары өткізілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің, оның ішінде тар бейінді мамандардың АИТВ инфекциясы кезінде жиі кездесетін симптомдар мен аурулар кезінде тестілеуге деген қырағылығы, АИТВ-ға экспресс-тестілеу жүргізу, байланыстан кейінгі профилактика, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен негізгі топ өкілдеріне қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері кеңінен қарастырылды.

   Аталған жұмыс медициналық ұйымдарда АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын күшейтуге, медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

WhatsApp Image 2025 07 24 at 15.46.08

WhatsApp Image 2025 07 24 at 15.46.07 min