2019 жылдың 14 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының №59 мектеп-лицей базасында ЖИТС орталығының Есіл аудандық Қоғамдық денсаулық сактау басқармасымен ММ бірлексен «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз», «Таза қол», «Болашағың өз қолыңда», «Болашаққа қадам» тақырыптары бойынша акция ұйымдастырылды.
Акция барысында мектеп оқушыларына АИТВ/ЖИТС-тың жұғу жолдары, алдын алу шараларының маңызы, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша және де қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен жіті ишек инфекцияларының профилактикасы, жасөспірімдердің физикалық белсенділігінің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жургізілді.
Акция соңынан мектеп оқушыларына ақпараттық-танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.