1

2019 жылдың 30 мамырында «BI Group» холдингінің астаналық кеңсесінде компания қызметкерлеріне арнап «МӘМС, ТМККК жаңа моделі» және «Еңбек саласында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыптары бойынша семинар өтті.

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, тегін мемлекеттік көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделі» презентациясын ұсынып, Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бастап МӘМС-ті енгізу туралы толық айтып берді. Шара соңында дәрігер эпидемиолог Д. Бексұлтанова аудиторияға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ескертті.Семинарға қатысушылар  көкейіндегі сауалдарын қойды, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Қатысушылар АИТВ-ға жедел-тестілеуден өтті. Барлығына ақпараттық-білім материалдары таратылды.

2 3