Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында 2024 жылғы 18 қарашада Астана қаласының теміржол вокзалында қаланың жолаушылары мен келушілері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары акция өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға акцияның мақсаты түсіндірілді, мамандар қауіпті жағдайларсыз салауатты өмір салтын ұстануға шақыра отырып, АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді.
АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы А. А. Идрисова АИТВ-ның алдын алу бойынша кеңес алу мүмкіндігімен қатар, барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға экспресс-әдіспен тегін анонимді диагностика ала алатынын атап өтті. АИТВ-ға заманауи жедел тестілер нәтижені 20 минут аралығында көрсетеді, диагностика сапасы бойынша стандартты әдістерден кем түспейді және халыққа АИТВ-статусын білуге көмектесетін маңызды құрал ретінде қызмет етеді. 78 адам жедел тестілеуден өтіп, кеңес алды.