2024 жылғы 19 қарашада «Нұрлы жол» теміржол вокзалында бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» атты ауқымды акция өткізілді.

WhatsApp_Image_2024-11-19_at_12.09.22.jpg

         Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні - бірінші кезекте АИТВ-ның таралуына қарсы іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін кеңейтетін іс-қимылдарға шақыру.

АИТВ орталығының мамандары өз сөздерінде халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, АИТВ-ға тестілеу қажеттілігін және олардың статусын білуді, стигма мен кемсітушілікті жоюдың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

         Акция барысында ниет білдіргендер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге, қысқа уақыт ішінде өзінің АИТВ статусын білуге және АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

WhatsApp Image 2024 11 19 at 12.09.35