Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «Жизнь вопреки» қоғамдық қоры Астана қаласындағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп «Қайырылды істер марафоны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясының мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету. Алдағы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында АИТВ-мен өмір сүретін 82 отбасыға, оның ішінде 2 жасқа дейінгі перинаталдық байланысы бар 66 бала сыйлықтар табысталды.

WhatsApp Image 2024 12 04 at 15.43.51

Қазіргі уақытта АИТВ-сы бар 2548 пациент динамикалық бақылауда тұр.

АИТВ орталығының әлеуметтік жұмыскері А.Б. Шакирова «Осындай қайырымдылық акциялары жақсы дәстүрге айналды, біздің кішкентай пациенттерімізге көңіл бөліп, мейрімдерін білдіргені үшін «Жизнь вопреки» қоғамына алғыс білдіреміз. АИТВ инфекциясы әлеуметтік маңызы бар дерт болғандықтан жергілікті атқарушы органдардың тарапынан да қолдау көрсетіліп, балалар мен ересектерге ақшалай жәрдемақы қарастырылған», - деді.

Қалалық АИТВ орталығы мен «Жизнь вопреки» ҚҚ болашақта АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мүддесін қорғауға бағытталған осындай іс-шараны жалғастырып, қолдан келгенше әлеуметтік қолдау көрсетуге ниетті екендерін білдірді.

WhatsApp Image 2024 12 04 at 15.44.05