«ЖИТС ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 қаңтардағы қаулысын орындау мақсатында Ақмола облысы әкімінің 1996 жылғы 21 маусымдағы № 60 шешімі негізінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының 1996 жылғы 25 маусымдағы № 54-1 бұйрығымен «ЖИТС-тың алдын алу жөніндегі Ақмола облыстық орталығы» құрылды.
Елорданың Алматы қаласынан Астанаға көшуіне байланысты Орталық қалалық болып өзгертілді.
Орталықтың алғашқы күнінен бастап материалдық-техникалық базаны, кадрлық әлеуетті нығайту бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып, зертханалық және тоңазытқыш жабдықтарды, диагностикалық тест-жиынтықтар мен ұйымдастыру техникасын сатып алуға қаражат бөлінді.
Ұжым мен іс-шара қонақтарының алдында сөз сөйлеген Орталықтың директоры К.Аскаров: «25 жылдан астам уақыт бұрын Орталықтың негізін қалаған ұйымдастыру және басқару қағидаттары бүгінгі күнге дейін сақталып келеді, тәжірибе, тәлімгерлік және ұрпақтар сабақтастығының арқасында біз ұйымымыздың әлеуеті мен беделін нығайту үшін бірге жұмыс істеп келеміз», - деді.
Галереяның ашылу салтанатына 1996-2009 және 2009-2014 жылдары орталықты басқарған бас дәрігер Александр Сергеевич Лебедев, Абдраимов Сабит Бекмаганбетович, Аскаров Канат Кыргызбаевич қатысты.
А.С. Лебедев әріптестері мен Орталық әкімшілігіне елордадағы АИТВ қызметінің тарихына назар аударғаны үшін алғысын білдірді. «Сол кездері АИТВ және ЖИТС туралы ақпаратты алғаш рет естідік, Орталықтың барлық құрылымдарының жұмыс істеуі үшін қаншама күш пен қаражат жұмсалды. Осындай жылы мейірміммен қарсы алғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. АИТВ-ға қатысты алғашқы тергеу, алғашқы зертханалық жабдық, осы орталықты құрудың басында тұрған барлық медицина қызметкерлер әлі күнге дейін есімде», - деді бірінші бас дәрігер Александр Сергеевич.
Құрылған күннен бастап Орталық пен ұжымның бұрынғы басшыларының фотосуреттері қойылған экспозицияға қызметкерлер де өздерінің оң бағасын берді.
«Әркім өз ұжымының тарихын, әр жылдары жұмыс істеп Орталықтың дамуына үлес қосқан барлық басшыларды білуі керек деп санаймын. Өйткені көп нәрсе алғаш рет болды, дәрігерлер мен медбикелердің аға буыны алғашқы күндерден бастап өздерінің білім мен күш-жігерлерін салды. АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша медициналық көмек, сапалы әрі тиімді болғаны үшін өте ризамыз», - деді эпидемиолог дәрігер Айгерім Ахметова.