2025 жылғы 4 ақпанда Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында өткен Медициналық кеңестің отырысында 2024 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды. Медициналық бөлімнің басшылары негізгі көрсеткіштер, жетістіктер проблемалық мәселелер бойынша баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамада АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен таралу жолдары, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру, клиникалық бақылау мәселелері қозғалды.

3

Астана қаласында 15-49 жас аралығында АИТВ инфекциясының таралуы 0,34% деңгейінде, халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту 27%-ды, антиретровирустық терапиямен қамту 90%-ды, АРТ-ның тиімділігі 92%-ды құрады.

Сонымен қатар талдауды, қайта қарауды және тиісінше оңтайландыруды талап ететін мәселелер мен процестер бар. Отырысты қорытындылай келе Орталық директоры К.К. Аскаров өз сөзінде «Нысаналы индикаторларға қол жеткізумен қатар, АРТ-ға бейілділікті, алдын алу бағдарламаларына бейілділікті, оның ішінде жанасуға дейінгі профилактиканы қоса алғанда жүзеге асырылатын іс-шаралардың сапасына, АИТВ инфекциясының ерте кезде таралуына, ХНТ үшін ДК қызметтерін қолжетімділігіне, ДК-ға келушілердің белсенділігін арттыруға, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық іс-әрекетті кеңейтуге, «95-95-95 стратегиясын тиімді іске асыруды жалғастыруға назар аудару қажет», - деді.

Отырыстың соңында АИТВ инфекциясының алдын алуға, емдеуге және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған тапсырмалар мен оларды шешу жолдары нақтыланды.

2

1