Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Жизнь Вопреки» қоғамдық қорында денсаулық туралы ашық диалогқа арналған өзара көмек тобының кездесуі өтті.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының және ЖЖБИ-дің алдын алу, сондай-ақ олардың репродуктивті денсаулыққа әсері сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының консультациясын инфекционист-дәрігер А. Казенова жүргізіп, өз сөзінде отбасын жоспарлау және контрацепция, әйелдер мен ер адамдардың денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталып, скринингтік тексерулердің уақтылы жүргізілуінің маңыздылығына тоқталды. Толық консультацияны қажет ететін адамдар үшін АИТВ орталығының бейінді мамандарына, соның ішінде гинеколог-дәрігер мен дерматовенерологқа жолдама берілді.
Қоғамдық қордың басшысы А. Мукушеваның айтуынша осындай кездесулер пациенттер арасында «оң» көзқарасқа ие. "Өзара көмек көрсету тобының кездесуінде Қоғамдық денсаулық сақтаудың өте маңызды құрамдас бөлігі – жыныстық және репродуктивті денсаулық мәселесі талқыланды Алдын алу тек уақтылы емдеу ғана емес, сонымен қатар дәрігерлерге үнемі бару, репродуктивті денсаулыққа қамқорлық әйелдер мен ерлер үшін маңызды екенін еске салдық», - деді.
Ұйымдастырушылар құрған «сенім атмосферасының» арқасында қатысушылар репродуктивті денсаулық мәселелерін белсенді және ашық талқылап, өздерінің пікірлерімен бөлісіп қана қоймай бір-біріне қолдау көрсетті. Қор кеңсесінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған психологтың онлайн және офлайн кеңестері өткізілетінін айта кету қажет.