2025 жылғы 26 маусымда «КМСК Жанұя» Өндіріс ЖШС-да медициналық қызметкерлерге арналған АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Уразова А.Б. жүргізді. Іс-шараға 10 медицина қызметкері қатысты.

WhatsApp Image 2025 06 27 at 10.09.36 1

Семинар барысында Астана қаласындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тексеру тәртібі, соның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру мәселелері қарастырылды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен дискриминацияның алдын алу мәселелеріне, экспресс-тестілеуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар семинар тақырыптарына үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.