АИТВ-ға қарсы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ алдын-алу және халықтың негізгі топтарының(ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру мақсатында АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығы директорының орынбасары С.Б.Мусинаның және профилактика бөлімінің  өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.  

WhatsApp Image 2025 07 25 at 14.20.18

    Кездесуде ХНТ АИТВ-ға тестілеудің тиімділігі мен дұрыс жұргізілуін арттыру бойынша бірлескен шаралар, алдын ала әсер ету профилактикасын (PrEP) алу үшін клиенттерді Достық кабинеттерге жіберу ерекшеліктері егжей-тегжейлі талқыланды. Мамандар негізгі мәселелер бойынша сөз сөйледі, онда олар адамдарды PrEP қабылдауды бастауға ынталандырудың  неліктен маңызды екенін, алдын алудың қандай пайдасы бар екенін және бұл процесте аутрич қызметкерлері қандай рөл атқаратынын, сондай-ақ бірлескен жұмыстың басқада негізгі аспектілерін түсіндірді. Қатысушылар жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстармен алмасты. Олар АИТВ-ға тестілеу, сондай-ақ ЖЖБИ-ге кеңес беру, диагностикалау және емдеу қызметтерін алу мақсатында тұрғындардың негізгі топтарының өкілдерін Достық кабинеттеріне тарту бойынша жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды. 

WhatsApp Image 2025 07 25 at 14.20.18 1