2025 жылы 14 және 17 қарашада Bilim Innovation Lyceum мектебінде және №95 мектеп-лицейінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық шеңберінде жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттық дәрістер өткізілді. Шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу туралы білім деңгейін арттыруға бағытталды.
Кездесулер барысында оқушыларға репродуктивті жүйе ауруларының, АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу туралы түсіндірілді. Қатысушыларға тақырыптық презентация ұсынылып, профилактикалық бейнероликтер көрсетілді. Бұл қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі аспектілерін көрнекі түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
Эпидемиолог-дәрігер Г.Е. Каратаева АИТВ-ның берілу жолдары мен заманауи қорғану әдістері туралы жан-жақты айтып, тұрақты медициналық тексерілудің және жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Барлығы шаралармен 160 оқушы қамтылды.










