12–13 қараша 2025 жылы Астанада есірткі қолданатын адамдармен жұмыс істейтін ҮЕҰ қызметкерлері мен Астана қаласының АИТВ орталығы мамандарына арналған тренинг өтті. Оқу Жаһандық қор гранты аясында ұйымдастырылды.
Қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша өзекті ақпарат ұсынылды, оның ішінде байланысқа дейінгі және кейінгі профилактика сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, кең таралған психобелсенді заттар және хемсексқа байланысты тәуекелдер талқыланды.
Тренингтің бір бөлімінде клиенттердің қауіпсіз мінез-құлыққа деген ішкі мотивациясын арттыруға көмектесетін тиімді кеңес беру әдісі — мотивациялық сұхбат жүргізуге арналды.
Тренинг белсенді өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Оқытуды тренер Валентина Манкиева жүргізді.

