2024 жылғы 18 қарашада елордалық "Keruen City" СОО келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу науқаны өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен және ОО «Human Health Institute» бірлесіп ұйымдастырып өткізді. Акция 2024 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін қалада өтетін және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған айлық аясында өтуде.

WhatsApp Image 2024 11 19 at 11.29.34

Акция барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және өзінің АИТВ мәртебесін білу туралы айтып берді, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері қозғалды. Мамандардың айтуынша, бұл іс-шара АИТВ-инфекциясының таралу мәселелеріне халықтың назарын аударудың тағы бір мүмкіндігі, жастарды қауіпсіз мінез-құлық нысандарын қалыптастыруға ынталандыру болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша АИТВ жұқтыру жағдайларының 90% - жыныстық жолмен болған, АИТВ жағдайларының 60% - дан астамы 20-40 жасқа келеді.

Іс-шарамен қамтылған – 130  адам АИТВ-ға жедел әдіспен тексерілді – 53.

WhatsApp Image 2024 11 19 at 11.30.18

WhatsApp Image 2024 11 19 at 11.29.52