Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында №, № 30 131, 55 765, 3656 әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үшін «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен «АИТВ-инфекциясының алдын алу, берілу жолдары және алдын алу қағидаттары» тақырыбында семинарлар өтті.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Ж. Бекетова АИТВ инфекциясының берілу жолдарын, берілуінің алдын алуды түсіндіріп қана қоймай, аталған инфекциямен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік, оларды әлеуметтік және құқықтық қорғау мәселелерін де қозғады.
Семинар барысында іс-шаралардың негізгі міндеттері - АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын және жауапты мінез-құлықты насихаттау, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, өзінің дәрежесін біле тұра басқа адамдарға жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.
Ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар) таратылды. Дәріске 500 әскери қызметші қатысты.