2024 жылы 4 желтоқсанда ҮЕҰ-ның базасында, «Шаг в будущее» ҚҚ Астана қ. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, ИЕТ арасында аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында, АИТВ-инфекциясының жалпы сұрақтары, тестілеу, АИТВ-инфекциясының диагностикасы және Байланысқа дейінгі профилактика бойынша оқыту семинарын өткізді.

WhatsApp Image 2024 12 13 at 19.12.28

           Эпидемиолог дәрігер Г.Е. Қаратаева аутрич-қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының жалпы түсініктері, берілу жолдары, алдын алу шаралары, диагностикасы және емі туралы, сондай-ақ, жыл сайын 1 желтоқсанда дәстүрлі түрде өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні туралы айтып берді.

Сондай-ақ, семинар барысында дерматовенеролог дәрігер А.А. Бекмағамбетова аутрич-қызметкерлерді ИЕТ клиенттері арасында Байланысқа дейінгі профилактиканың маңыздылығы, бағдарламаның принциптері туралы таныстырып, сондай-ақ, әртүрлі тәуекелдер кезінде АИТВ-ның Байланыстан кейінгі профилактикасы туралы айтып берді.

Семинар аутрич-қызметкерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар ұсынылған материалдарды белсенді талқылап, сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының және Жаһандық қор грантының 20 аутрич-қызметкері оқытумен қамтылды.

Астана қаласының АИТВ орталығы аутрич-қызметкерлер арасында оқыту іс-шараларын 2025 жылдың І тоқсанының І онкүндігінде, одан әрі тұрақты негізде өткізуді жоспарлады.

WhatsApp Image 2024 12 13 at 19.12.28 1

WhatsApp Image 2024 12 13 at 19.12.29

WhatsApp Image 2024 12 13 at 19.12.29 1