Айлықты өткізу аясында  2025 жылғы 27 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының инфекционист дәрігері  Астана қаласындағы Қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері үшін «АИТВ-ға шалдыққан пациенттердегі туберкулез. Инфекцияның ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

WhatsApp Image 2025 02 28 at 14.04.41

   Астана қаласы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша ақпарат ұсынылып, клиниканың ерекшеліктері, АИТВ оң пациенттердің бойындағы туберкулез, оның дамуы мен иммундық статустың төмендеу жағдайына байланысты клиникалық көрінісі талқыланды.

Өкпеден тыс туберкулез (ішперде, көкбауыр, лимфа түйіндері) формаларының патологиялық материалдар (слайдтар) ұсынылды.
Семинарда АИТВ-мен өмір сүретін пациенттерде алғаш анықталған пациенттерге консультация беру мен психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды

WhatsApp Image 2025 02 28 at 14.04.41 1

WhatsApp Image 2025 02 28 at 14.04.40