2025 жылдың 3-12 наурызы аралығында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № № 2, 6, 24,38, 46, 54, 55, 65 жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін дәрістер, семинарлар өткізді.
Дәрігерлер АИТВ туралы ақпараттың маңыздылығы туралы, вирустың қандай жолдармен таралатынын және қандай жолдармен берілуі мүмкін еместігін айтып берді, АИТВ-ның төңірегінде көптеген аңыздар мен стеореотиптерге да тоқталып өтті.
Дәрістердің, семинарлардың көмегімен дәрігерлер оқушылардың АИТВ-инфекциясының алдын алу, денсаулықты сақтауға уәждеме қалыптастыру, оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлық ынталандыру мәселелері бойынша оқушылардың хабардарлығын арттырады.
Қауіпті жағдайлар туралы және оларды шешу, «жоқ» деп айту, табандылық таныту туралы егжей-тегжейлі әңгіме болды. Сондай-ақ, қатысушыларға есірткінің зияны туралы айтылды.
1550-ден астам оқушы пайдалы білім алды.