2025 жылғы 17 наурызда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Б. К. Құлтанова Астана қаласының «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК жұмыскерлері үшін оқыту семинарын өткізді.

WhatsApp Image 2025 03 19 at 11.55.06

       Семинарда ҚР бойынша және Астана қаласы бойынша АИТВ - инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, 2023-2024 жж. АИТВ-инфекциясын тіркеудің салыстырмалы деректері, оның ішінде жағдайлардың жасына, берілу жолдарына, әлеуметтік мәртебесіне қарай бөлінуі ұсынылды. Оқыту семинарында ҚР ДМ ДС 2020 жылғы 27 қарашадағы № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулардың белгілері анықталған жағдайда, клиникалық көрсеткіштер бойынша халықты АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ медицина саласының жұмыскерлері арасындағы кәсіби сипаттағы авариялық жағдайлар бойынша мәселелер іс-қимыл алгоритмі, АИТВ-ның жанасудан кейінгі профилактикасын тағайындау қарастырылды. ҚР ересектер мен жасөспірімдерінде АИТВ инфекциясының клиникалық жіктелуі бойынша ақпарат, оның ішінде АИТВ инфекциясы кезінде мүмкін болатын белгілері мен аурулары бар адамдарды АИТВ-ға тексеретін түрлі мамандықта жұмыс істейтін дәрігерлерге «АИТВ-ға тексеруге арналған клиникалық көрсеткіштер» жадынамасы ұсынылды.

   Семинарда жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін есепке қою кезінде тестілеу мәселелері қозғалды. АИТВ орталығының зертханасына жеткізілген ақаулы сынамалар мен аналитикаға дейінгі кезеңде АИТВ диагностикасы бойынша мониторинг нәтижелерін талқылау кезіндеБ.К. Құлтанова қатысушылардың назарын жалпы АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру қажеттілігіне және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге аударды.

WhatsApp Image 2025 03 19 at 11.55.06 1

WhatsApp Image 2025 03 19 at 11.55.06 2

WhatsApp Image 2025 03 19 at 11.55.07

WhatsApp Image 2025 03 19 at 11.55.07 1