Брусиловский, 4 АИТВ-инфекциясы орталығының Достық кабинетінде өткен жиынға халықтың негізгі топтарымен жұмыс бойынша аутричтер қатысты.
АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары эпидемиологиялық жағдай, халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралу үрдістері, АИТВ-ның байланысқа дейінгі профилактикасының берілуі мен маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қатысушылар АИТВ-ға қарсы алдын алу шараларының тиімділігін арттыру бойынша бірлескен шараларды талқылады. Жұмысты күшейту, АИТВ-ға уақтылы тексеруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖЖБИ диагностикасы, кеңес беру және емдеу мақсатында, Достық кабинетке халықтың негізгі топтарының өкілдерін қызметкерлермен тартуды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады
Өтініш білдірушілер презервативтермен, ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі, АИТВ-ға жедел тест жасай алады.