Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 52

   Астана қаласының халықаралық әуежайында 50 адам АИТВ-ға тексерілді. АИТВ инфекциясы орталығының дәрігерлері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жедел тестілеу акциясын өткізді, сондай-ақ «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік науқан аясында инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтты.

 WhatsApp Image 2025 11 25 at 16.44.29

     Іс-шара барысында мамандар алдын алу негіздерін, вирустың берілу жолдарын еске салып, тұрақты тексерулердің маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға инфекцияны уақтылы анықтау емдеуді ерте бастауға және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

    Тілек білдірушілер диалогқа белсенді қатысып, диагностиканың заманауи әдістері, емдеу және АИТВ-мен байланысты кең таралған мифтер туралы сұрақтар қойды. Дәрігерлер қандай жағдайлар қауіп төндірмейтінін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қаладағы тегін және құпия тестілеудің қолжетімділігін еске салды.

   Акция қорытындысы бойынша әуежай қызметкерлері мен жолаушылары мүмкіндікті пайдаланып, дәл сол жерде АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес алды.

     #ТоқтаАИТВkz#АстанаАИТВорталығы#WhatsApp Image 2025 11 25 at 16.44.29 2