Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 8

    ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету, диагностика сапасын арттыру, жаңа тәсілдерді, стандарттарды талқылау және медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша кешенді шараларға арналған «Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясының таралуының өзекті мәселелері» атты конференция өтті.

 WhatsApp Image 2025 11 26 at 15.13.10 2

     Конференцияны ашылу кезінде мамандар талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті: «АИТВ-ны белсенді анықтау, терапияны уақтылы тағайындау және оның тиімділігін бақылау -инфекцияның тұрақты төмендетуге қол жеткізудің негізгі шарттары»,-деп атап өтті АИТВ- инфекциясының алдын алу орталығы директорының орынбасары С.Б. Мусина

    Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының тенденциялары мен эпидемиологиясы, тексеруге көрсеткіштер, медицина қызметкерлері үшін қауіптер және төтенше жағдайлар үлгілері ұсынылды. Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б. Қ. Құлтанова клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру сапасының мониторингі кейбір МСАК ұйымдарында АИТВ-ға тексерумен анықтаудың жеткіліксіз қамтылғанын атап өтті. «Жаңа жағдайлардың көпшілігі ауруханаға жатқызу кезінде анықталады. Біз МСАК деңгейінде клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеруге назар аударуымыз керек, өйткені ерте диагностика емдеудің болжамы мен тиімділігіне тікелей әсер етеді», - деп атап өтті ол.

   Емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Г. Т. Шаяхметова АРТ және қатар жүретін аурулары бар АӨСА-дың жүргізу принциптері, егде жастағы топтағы пациенттерді жүргізу ерекшеліктері, С вирустық гепатитін емдеуге жіберілетін пациенттің бағыты туралы айтып берді.

   Қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар мамандар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби біліммен бөлісуге, практикалық қызметтегі мүмкін олқылықтарды бірлесіп анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

 WhatsApp Image 2025 11 26 at 15.13.10

 WhatsApp Image 2025 11 26 at 15.13.09 1