Семинар барысында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы өзекті мәліметтер ұсынылды. АИТВ-ға клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру, сондай-ақ реципиенттерді тексеру тәртібі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Семинар ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы іссапар аясында өткізілді және медициналық қызметкерлердің қырағылығын арттыру мен АИТВ инфекциясын ерте анықтау шараларын күшейтуге бағытталды.