2019 жылғы 04 қазанда қалалық ЖИТС орталығында «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін бақылау» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қатысушыларға «Transparency International Kazakhstan» қоғамдық қорының аймақтар бойынша жүргізген «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін бақылау» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелері және азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін нығайту туралы ақпаратты жеткізді.