2019 жылдың 8 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында қалалық әкімдікте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының «Жария», «Болашаққа қадам», «Human Health Institute» және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылардың пікірінше, 2019 жылғы Дүниежүзілік науқанның «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбы халықаралық, жалпыұлттық және жергілікті деңгейлерде ЖИТС-ке қарсы іс-қимылдағы қоғамдастықтардың шешуші рөлін мойындауға мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігері С. Абдраимов атап өткендей, қоғамдастықтардың шешуші рөліАИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша қызметтер көрсетуге келтіретін кедергілер мен стигманы жоюға мүмкіндік береді, бұл өкінішке орай қоғамда әлі де бар. ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру үшін 2018 жылдан бастап қалалық ЖИТС орталығы 3 жылға арналған Жаһандық қордың грантын ұтып алды, оның шеңберінде орталық алдын алу қызметтерін, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім мен қолдау көрсететін 4 ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жасады. Жобаны іске асыру кезінде азаматтық сектор арқылы халықтың негізгі топтары арасында осы қызметтердің қажеттілігін куәландыратын оң нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл жұмыстың алдағы уақытта да өз тиімділігін көрсететініне сенімдіміз, - деді С.Абдраимов.
БАҚ өкілдеріне 2019 жылы Қазақстанда тіркелген, қысқа уақыт ішінде нәтижені білуге мүмкіндік беретін сілекей бойынша АИТВ-ны анықтауға арналған жаңа экспресс-тесттер көрсетілді. Сонымен қатар, мамандар экспресс-тест нәтижелері негізінде диагноз қойылмайтынын, стандартты әдіспен тексеру керектігін ескертті.
Баспасөз конференциясына «Қазақстан» ҰК, «Астана» ТК, «31 канал» ТК, республикалық, қалалық «Егемен Қазақстан», «Комсомольская правда», «Елорда ақпарат», «Вечерняя Астана», «Закон.kz», «Қазақстан дәуірі», «Redmart» газеттерінің журналистері қатысты.