51da097a 944f 4dbc ae48 7181e3cb8e01

2020 жылғы 13 қаңтарда денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымымен кездесті.

51da097a 944f 4dbc ae48 7181e3cb8e01

2020 жылғы 13 қаңтарда денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында, ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді. Астанада АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық шоғырланған сатыда, алайда АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуының ұлғаюына байланысты жүкті әйелдердің АИТВ-ны жұқтырудың, аурудың өсуінде беталыстар бар. Осылайша, жыныстық қатынас арқылы жұқтыру деңгейі 85%-ға дейін жетіп, аурушаңдықтың өсуі 25 жағдайға артты. Орталықта антиретровирустық терапияны 909 пациент алады, емдеу тиімділігі 73% құрайды. Кеңес қорытындысы бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, балаларда АИТВ-ның алдын алу және АМСК-мен тығыз өзара іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыстар бойынша неғұрлым тиімді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берілді.

23354859 b409 4fcc ba1e c130bd718028