2020 жылы 17-18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандарымен сынып жетекшілер мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шара Қазақстандық туберкулезге қарсы іс-қимыл желісінің қолдауымен, жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алуға бағытталған әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылды.
2020 жылы 17-18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандарымен сынып жетекшілер мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шара Қазақстандық туберкулезге қарсы іс-қимыл желісінің қолдауымен, жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алуға бағытталған әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылды. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру саласының 80-нен астам қызметкері қатысты. Жыныстық мінез-құлық, есірткі құралдарын пайдаланудың зияны және АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелеріне дұрыс көзқарасты қалыптастырудағы педагогтардың рөлі талқыланды. Сондай-ақ, семинар барысында оқушылар арасында онлайн іс-шаралар өткізу бойынша келісімдерге қол жеткізілді.