2021 жылдың 10 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды.

09c159cd 4d3e 4d6a 9146 1532ed62a834

Жиынның негізгі мақсаты халықтын негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге, оның ішінде емделуден жалтарған пациенттерді іздеуге жәрдемдесу болып табылады.

Жиынға қатысушылар 2020 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.