Елордалық ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында «Қызыл Ай Қоғамының» Астана қалалық филиалының (ҚАҚ АҚФ) қолдауымен қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында өткізіледі және жыл сайын ҚАҚ АҚФ-ның игі дәстүріне айналды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың он отбасы азық-түлік жиынтықтарын, сондай-ақ балалар мен әйелдерге арналған киімдерді алды.
ЖИТС орталығында «Д» есепте АИТВ-мен 1341 пациент тұр, олардың
25% - ға жуығы тұрақты жұмысы жоқ. Айта кету керек, Орталық пациенттеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан да қолдау көрсетілуде. Осылайша, балалар мен ересектерге ақшалай жәрдемақылар қарастырылған.
Қалалық ЖИТС орталығы және ҚАҚ АҚФ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіп және олардың мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысты бірлесіп жүргізуге ниетті.