2021 жылдың 01 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында орталықтың директоры С.Б.Абдраимов аутрич қызметкерлерімен кезектен тыс жиын ұйымдастырды.

369b5595 2cdd 4052 a942 574d771fee59

Жиынның негізгі мақсаты халықтың осал топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу болып табылады.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар халықтың осал топтарына достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық шараларды жүргізу, қарым-қатынасқа дейінгі және кейінгі профилактика жайлы кеңес беру жолдары жайлы, аутрич қызметкерлерінің жүктемесін талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.