Мамандар марапатқа ие болды
Еліміз бойынша барлық медицина саласы қызметкерлері өткен жексенбі күні кәсіби мерекесін атап өтті. Осы айтулы датаға орай, орталықта қызмет атқаратын қызметкерлерді құттықтау жиыны болды.
Еліміз бойынша барлық медицина саласы қызметкерлері өткен жексенбі күні кәсіби мерекесін атап өтті. Осы айтулы датаға орай, орталықта қызмет атқаратын қызметкерлерді құттықтау жиыны болды.
Мереке алды жиында орталық басшылары мамандарға жылы лебіз білдіріп, осы салаға арнаған еңбектерін бағалап алғыс айтты. Жиынға арнайы қонақтарда келді. Салтанатты жиында бірінші болып сөз алған орталық директоры С.Абдраимов, « Құрметті әріптестер, осындай мереке қарсаңында сіздердің өлшеушіз еңбектеріңізді бағалап алғыс білдіргім келеді. Әсіресе 2020 жылы күллі әлемге үрей туғызған CОVID-19 пандемиясы кезінде, алғашқылардың бірі болып біздің орталық, мына сіздер ойланбастан көмекке бардыңыздар. Өз өмірлеріңізді қатерге тігіп қиналған жандарға қол ұшын беріп, білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Біз бәріміз үлкен сынақтан өттік деп ойлаймын. Сіздерге осынау жауапкершілік жүгі ауыр жұмыста сәттілік тілеймін!» – деді. Басшылықтың құттықтау сөзінен кейін республикалық, қалалық деңгейдегі өз маманының майталмандарын марапаттап грамоталарын салтанатты табыстады. Соның бірі осы салада үздіксіз 38 жыл еңбек еткен эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігері Замзагүл Болсынбекқызына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді.
Сондай-ақ зертхана дәргері Мадина Елемесқызы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «алғыс хатымен» марапатталса, Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің грамотасымен лаборант Амангелді Оралбайұлы мен бас есепші Айгүл Дюсимбайқызы марапатталды. Ал Денсаулық сақтау басқармасының грамоталары эпидемиолог дәргер Элеонора Серікқызы және мейірбикелер Зауреш Күнтуарқызы мен Қымбат Иманғалиқызына табыс етілді. Салтанатты жиынға арнайы келген «Сарыарқа» аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы да мамандарды мерекемен құттықтап, зертхана қызметкері аға лаборант Айман Сералиқызы мен орталықтың жүргізушісі Аманжол Рахатұлын «Нұр Отанның» арнайы «алғыс хатымен» марапаттады.
Айта кету керек бүгінде орталықта жеті бөлім, осы бөлімдерде 85 маман қызмет атқарып келеді. Әр бөлімнің өз қиындығы өзіне. Сол қиындықты жеңіп, кәсіби біліктілігімен қызметін абройлы атқарып жүрген әр бір медицина маманы барлық марапатқа лайық деп білеміз. Кез-келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең игі мейірімді, ардақты мамандық-дәргер мамандығы екені баршаға аян. Еліне адал қызмет етіп, халық денсаулығын сақтау жолында аянбай тер төгіп жүрген абзал жандар-медицина қызметкерлері, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, еңбектеріңіздің жемісін көріп, алғысқа бөлене берулеріңізге тілек қосамыз.
Баспасөз орталығы