2022 жылдың 19-20 сәуірінде Алматы қаласында ЖИТС, туберкулез және малериямен күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ЖИТС және психикалық денсаулық орталықтарының мамандары мен баспасөз хатшыларының хабардарлығын арттыру бойынша тренинг өтті.
Іс-шараны РПДҒПО өкілі Виктория Ахметова ашты, ол кездесудің мақсаты туралы айтып, барлық қатысушыларға алдағы екі күнде жемісті жұмыс тіледі. Бұдан әрі опиоидты-алмастырушы терапияның медициналық аспектілерімен РПДҒПО мониторинг және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі маман Жәния Сексенова бөлісті. Тренингті байланыс жаттықтырушысы Марина Максимова жалғастырды. Онымен бірге тренингке қатысушылар нақты сөздікті еске алып, сондай-ақ бағдарламаға қатысушыларға қатысты стигма мен кемсітушілік мысалдарын талдады.
Тренингтің екінші күні де қызықты болды. ЖИТС және психикалық денсаулық орталықтарының өкілдері қазақстандық АӨСА одағының директоры Оксана Ибрагимовамен және опиоидті-алмастырушы терапияға қатысушылары - Алматы қаласының ерлі-зайыптылары Тимур және Әселмен сөйлесе алдық.
Олар бағдарламаның арқасында денсаулық жағдайы жақсарғанын, жақындарымен қарым-қатынасын қалпына келтірілгенін, әлеуметтік байланыстар жақсарғанын, жұмысқа орналаса алғанын айтты. Алайда, жұп бағдарламаның кемшіліктерінде атап өтті.
"Мен терапия қабылдағаныма үш жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде әйелім екеуміз бір жерге байланғанбыз, бізге Алматыдан бір күннен артық шығуға мүмкіндік жоқ, тіпті сенде қабылдау режимін бұзу болмаса да, себебіметадон қолымызға берілмейді, ", - деп бөліседі Тимур.
Терапияға қатысушылармен тікелей қарым-қатынас жасаудың арқасында осы бағдарламаның Қазақстан үшін қажеттілігін дәлелдеді.
Тренинг соңында орталықтардың барлық мамандары сертификаттар мен пайдалы және практикалық тәжірибиеге ие болды.