2022 жылдың 13 мамырында  Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арнап баспасөз конференциясы өтті.

130522

 Баспасөз жиында БАҚ өкілдеріне ЖИТС орталығының директор С.Абдраимов айтулы датаға байланысты қалада өткен әр түрлі іс-шараларға тоқтала келе АИТВ ақуалына қысқаша айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта антиретровирусқа қарсы емдеу мен тұрақты медициналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясы ЖИТС сатысына көшпеуі мүмкін, бұл пациенттер өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мысалы, 7-8 жыл бұрын Орталықта есепте тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен салыстырғанда, өмір сүру ұзақтығы 2,4 есе өсті. Сондай-ақ, орталық дәрігерлерінің тәжірибесінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін төмендету, дені сау балалардың дүниеге келуі осы- антиретровирустық терапияның жоғары тиімділігі болып отыр. Яғни анадан балаға АИТВ-ның перинаталдық берілу деңгейі 1% - дан кем.

Іс - шараның басты мақсаты - ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске түсіру ғана емес, сондай-ақ халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы еске салу. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікпен күрес мәселелеріне аудару.

1305222