2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ДДСҰ материалдарын пайдала отырып, медициналық қызметкерлермен маймыл шешегі вирусынан туындаған инфекцияның эпидемиологиясы, клиникасы және диагностикасы бойынша семинар сабағы өткізілді.
Семинардың мақсаты - маймыл шешегінің эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы бойынша қазіргі деректермен және эпидемияға қарсы іс-шаралармен танысу. Директорының орынбасары С.Мусина маймыл шешегінің клиникалық диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселесіне тоқтап кетті. Диагностикалық зертхана меңгерушісі Н.Хамитжанова өз баяндамасында маймыл шешегін зертханалық диагностикалауға назар аударды.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар ел аумағына жұқпалы аурудың әкелінуіне және таралуына жол бермеуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды талқылады.