2022 жылғы 18-19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Мықты отбасы - есірткіден алшақ» акциясына қатысып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізді.

1

 «Әлеуметтік бюро» көшпелі іс - шарасы «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында өтті. Акция барысында барлық ниет білдірушілер инфекционист, нарколог, заңгерден бастап, медиатор мен отбасылық сот психологына дейін барлық мамандардан кеңес ала алды.

Айлықтың басты міндеті – қоғамды біріктіріп, есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың есірткі зияны жөнінде хабардарлығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтауда алдын алу жұмысының маңыздылығын түсінуге бағытталған. 

Айта кету керек, бұл іс-шаралардың барлығы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерін толық қамти отырып өткізіледі.

2

3