2022 жылдың 30 қыркүйек айында Астана қаласында ЖИТС орталығының мамандары №3 Көпсалалы калалық аурухананың дерматологиялық блогында «Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің жоғарылауы.
ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекция) бар адамдарды тестілеу» туралы кеңес өткізілді. Кеңес отырысында ЖЖБИ-мен ауыратын адамдарды тексерумен қамтудың толықтығы және АИТВ-инфекциясын анықтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекте ЖЖБИ бар адамдарды тестілеумен қамту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ соңғы 5 жылда гомосексуалдық байланыстар арқылы жыныстық жолмен берілудің жоғарылауы байқалған талдау ұсынылды.