Бүгін, 07 тамыз, құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС мамандары И. Бердалиевпен және М. Қайдармен кездесу өтті.
Кездесу «Қазақстан-зайырлы мемлекет» тақырыбында ақпараттық – түсіндіру жұмысы форматында өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм, оның шығуы, бағыттары және діни алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік мәселелері баяндалды.