2023 жылғы 19 қазанда  «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының базасында жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша қаланың білім беру мекемелерінің педагогтері үшін кеңес өтті. 

 

 WhatsApp Image 2023 10 23 at 09.57.26

 

 

 WhatsApp Image 2023 10 23 at 09.57.25

WhatsApp Image 2023 10 23 at 09.57.25 1

Кеңеске АИТВ орталығының мамандары дәрігер-эпидемиолог Ж.К.Бекетова, педагог А.Т.Тұрымова, «Өрлеу» БАИ қызметкерлері, Астана қаласындағы мектептердің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі тәсілдері, сондай-ақ мектептерде және басқа да білім беру мекемелерінде АИТВ мәселесі бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу кезінде қолдануға болатын интерактивті жұмыс әдістері талқыланды. Дәрігер-эпидемиолог Ж.К. Бекетова Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралу аспектілеріне назар аударды. Сондай-ақ кеңесте жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының таралу процесіне әсер ететін жаңа психобелсенді заттардың таралу мәселесі туралы да айтылды.

Кеңес соңында мұғалімдер өз жұмыс орындарында профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, одан әрі ынтымақтасып жұмыс үшін АИТВ орталығының мамандарымен байланыс деректерімен алмасты. Іс-шараның барлық қатысушыларына оқушылар арасында буклеттерді тарату үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша үлестірме материал таратылды, сондай-ақ «Болашаққа қадам» ҚҚ қолдауымен кеңеске қатысушыларға шағын естелік сыйлықтар берілді