2023 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана» теміржол вокзалында «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ауқымды акциясын өткізді.
Бүгін, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні АИТВ-ның әлі де жаһандық қауіп екенін еске сала отырып, өзектілігін сақтайды. ЮНЭЙДС-тің «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұраны 1 желтоқсанда ғана естілмейді. Бұл 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтетін онкүндік ұраны болып, одан әрі ұзақ уақыт бойы жалғасатын болады. Осыған байланысты, халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, АИТВ-ға тестілеудің және өз мәртебесін білудің маңыздылығын, стигма мен кемсітушілікті жоюдың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың маңыздылығын тағы да атап өткіміз келеді.
Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ мәртебесін білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес пен брошюралар алуға мүмкіндік алды.