2023 жылдың 28 қарашасында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3 мекемесінде жеке құрам арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында семинар өткізілді.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы Жаманова А.И.АИТВ-инфекциясының Астанадағы эпидемиологиялық жағдайын, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, АИТВ-инфекциясымен өмір сұретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті. Ақпараттық танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.