2024 жылдың 27 ақпанында Астана қаласы АИТВ орталығында АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылды.
Кеңестің негізгі мақсаты халықтың негізгі топтары және жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге көмектесу болып табылады.
Кеңес барысында Астана қаласының ПД-мен бірлесіп, ХНТ топтарындағы жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар бойынша өзекті мәселелер, АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарында бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар талқыланды. Кеңеске қатысушылар 2023 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын, сондай-ақ, 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы шешім қабылданды.